Главная » 2020 » Февраль » 5 » Бүгін Жетісу телеарнасының «Таңжарық»...
16:34
Бүгін Жетісу телеарнасының «Таңжарық»...
Бүгін Жетісу телеарнасының «Таңжарық» ақпараттық-сазды бағдарламасында Талдықорған қаласындағы облыстық көпсалалы клиниканың директоры Уралбаев Данияр Оразбекұлы онкологиялық аурулардың алдын алу туралы сұхбат берді.
Онкологиялық аурудың алдын алу мақсатында 2019 жылы клиника қызметкерлері "жатыр мойны обыры", "сүт безі обыры", "Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні", "тоқ ішек пен тік ішек обырын ерте диагностикалау ", "Дүниежүзілік денсаулық күні", "Қарттар күніне"орай бірнеше рет ашық есік күнін өткізді. 2019 жылы скринингтен 206350 адам өтті. Оның ішінде 111 адамнан рак ауруының белгілері анықталды.
Сондай-ақ ауылдық, оның ішінде шалғай елді мекендерге көшпелі мобильді мамандар тобы ұйымдастырылып, тұрғындар үшін ашық есік күндерін өткізді. Атап айтқанда Текелі қ, Қаратал ауданы және Сарқада аудандарында  374 адамды тексеруден өткізіп, оның ішінде 75  адамнан әр түрлі аурулардың патологиялық белгілері анықталды.

 
Категория: Новости | Просмотров: 13 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar