Главная » 2020 » Февраль » 6 » Алматы облысында былтыр 3 мыңға жуық адам қатерлі ісік ауруларына шалдыққан Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдала
20:00
Алматы облысында былтыр 3 мыңға жуық адам қатерлі ісік ауруларына шалдыққан Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдала
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында былтыр қатерлі ісік ауруларына шалдыққан 2835 науқас тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Jetisu Media» ақпараттық алаңының хабарламасына сілтеме жасап.Жыл бойы жалғасын тапқан профилактикалық ем-шараларының статистикасын алып қарасақ, қатерлі аурудан көз жұматындардың саны 59,9% құрап отыр. Облыстық көпсалалы клиника директоры Данияр Оразбекұлының айтуынша, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 2,1 % төмендеген. Сонымен қатар өмір сүру мерзімін 5 жылға ұзарту 54,9% көрсетіп тұр. Қатерлі ісік күннен күнге жасарып барады деп дабыл қаққан мамандар жыл сайын тұрақты түрде «ашық есік» күндерін өткізеді. Сондай-ақ ауылдық, оның ішінде шалғай елді мекендерге көшпелі мобильді мамандар тобын жіберіп, аурудың алдын алу жолдарына кіріскен. Мәселен, Текелі қаласы, Қаратал және Сарқан аудандарында 374 тұрғынды тексеруден өткізіп, оның ішінде 75 адамнан әр түрлі аурулардың патологиялық белгілерін анықтаған.

 

Источник inform.kz

Категория: Новости | Просмотров: 9 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar