Главная » 2020 » Февраль » 03
Баспасөз хабарламасы
2020 жылдың 4 ақпан күні сағат 11: 00-де Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің орталығында 2019 жылы Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясы өтеді.
2019 жылы клиника қызметкерлері "жатыр мойны обыры", "сүт безі обыры", "Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні", "тоқ ішек пен тік ішек обырын ерте диагностикалау ", "Дүниежүзілік денсаулық күні", "Қарттар күніне"орай бірнеше рет ашық есік күнін өткізді.
23.03.2019 жылы облыстық көпсалалы клиникада сүт безі обыры бойынша шеберлік сабағы өткізілді , оған Кореяның ИХВА әйелдер университетіндегі медицина орталығының профессорлары Санг Хен және Пэк Нам Сон қатысты.
Сондай-ақ ауылдық, оның ішінде шалғай елді мекендерге көшпелі мобильді мамандар тобы ұйымдастырылып, тұрғындар үшін ашық есік күндерін өткізді. Атап айтқанда Текелі қ, Қаратал ауданы және Сарқада аудандарында  374 адамды тексеруден өткізіп, оның ішінде 75  адамнан әр түрлі аурулардың патологиялық белгілері анықталды.
Сонымен қатар аудандардағы жағдайға мониторинг жүргізу және бағалау мақсатында құрылған топ онкологиялық қызметті дамыту бойынша тәжірибелік және әдіснамалық көмек көрсету бойынша 15 рет іс сапарға шықты.  
Облыстық көпсалалы клиниканың қызметкерлерін паллиативтік көмек көрсету бойынша семинарлар өткізілді.
Алматы облысында 2019 жылдың 12 айында қатерлі ісік ауруларымен 2835 науқас тіркелген, 100 мың адамға шаққанда ауру көрсеткіші 138,5 пайызды құрады.
0-І сатыда науқастарын ерте диагностикалау деңгейі ұлғайып, 23,0% (2018 жылы-22,2%) құрады.
Бұл ретте I-II кезеңдердің уақтылы диагностикасы 2019 жылдың 12 айында 60,2% (2018 жылы – 57,6%) өсті.
Барлық локализацияның IV сатысы бойынша жалпы асқыну 11,0% - ға төмендеді(2018 жылы – 10,5%).
5 және одан да көп жыл өмір сүретін  науқастарының үлес салмағы 50,4% – ға дейін (2018 жылы-49,0%) өсті.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 8 ақпанында сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін облыстық көпсалалы клиникада қатерлі ісіктердің алдын алу және Дүниежүзілік қатерлі ісіктермен күрес күніне арналған ерте кезеңде анықтау мақсатында Ашық есік күні өтеді. Осыған байланысты, сіздерді тегін медициналық кеңес алуға және онколог мамандарының тексеруіне шақырамыз.
Спикерлер:
1.Облыстық көпсалалы клиника директоры Оралбаев Данияр Оразбекұлы.
2. Статистика бөлімінің жетекшісі Саркулова Венера Нұрдәулетқызы.
3. Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Рысалиев Санат Қалиұлы
4. Медициналық қызмет көрсету сапасы бөлімінің меңгерушісі Атанаев Дархан Сейлханұлы
Категория: Объявление | Просмотров: 21 | Добавил: Admin | Дата: 03.02.2020 | Комментарии (0)